$ 494.87  520.65  4.91

Алматы имамдары: Алматыда атқарылған рухани шаралар аз емес...

Қорытынды сөздің тізгінін қолына алған бас имам жыл бойы атқарылған шараларға оң баға беріп, тиісті сын-ескертпелерін де айтты.

Алматыда Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Орталық мешітінде қала мешіттерінің жылдық есеп беру жиыны өтті, деп хабарлайды «Sn.kz» сайты.

Оған Алматы қаласының бас имамы Еркінбек Шоқай, Алматы Орталық мешітінің қызметкерлері және қала мешіттерінің бас имамдары қатысты. Аталмыш іс-шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған.

Жиынды Алматы қаласының бас имамы Еркінбек қари Шоқай сөз сөйлеп жүргізіп отырды.

Бас имам өз сөзінде ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазреттің қолдауымен Алматы қаласы бойынша жыл басынан бері атқарылған шаралар мен игі бастамаларға тоқталды. Сондай-ақ, осы ретте бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарған ымырашылдықтың арқасында қызмет атқарып жүрген мешіт имамдарына алғыс білдіріп, алдағы уақытта атқарылуға тиіс жоспарларды да тілге тиек етті.

Одан кейін Наурызбай мен Медеу аудандарының бас имамдарына кезекпен сөз берілді. Олар өз аудандарына қарасты мешіттердің жыл бойы атқарған шаралары, жасаған қайырымдылық жұмыстары, оқу-ағарту бағыттары бойынша баяндама оқыды.

Жиын барысында Алматы қаласы Орталық мешітінің наиб имамы Ермек Көкірекбаев Жастар жылы бойынша атқарылған жұмыстың есебін таныстырса, Орталық мешіт ұстазы Серік Ахметов қала мешіттерінің жұмыстарына сараптамалық баяндама жасады.

Қорытынды сөздің тізгінін қолына алған бас имам жыл бойы атқарылған шараларға оң баға беріп, тиісті сын-ескертпелерін де айтты.

Жиын соңында бас имам Алматы қаласында асыл дініміз Исламның дамуына үлкен үлес қосып, дін жолында үлгілі қызмет етіп жүрген бірқатар мешіт қызметкерлеріне алғыс хаттар табыстады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#бас имам