$ 439.4  473.54  4.76

Ақтау тұрғыны қақталған балықтан құрт шыққанын көрсетті (ВИДЕО)

Ал бейнематериал статистикалық прокуратура органдарында тексеруді тіркеу үшін жеткіліксіз мәлімет екен.

Ақтау тұрғыны қақталған балықтың ішінен құрт шыққанын көрсетіп, желіге видео жариялады. Оның айтуынша, балық 4-ықшам ауданда орналасқан дүкендердің бірінен алынған деп хабарлайды Skifnews.kz  Lada сайтына сілтеме жасап.

 "Маңғыстау облыстық тұтынушылар құқығын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігінің президенті Никар Рафикова Маңғыстау облысы бойынша тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті тұтынушының өтінішінсіз аталған дүкенді тексеруге кірісе алмайтынын айтты. 

"Барлық қала тұрғындарына осы сынды тауарларды, әсіресе, балық өнімдерін арнайы мамандандырылған дүкендерден алуға кеңес берер едім", - деді ол.

Ал бейнематериал статистикалық прокуратура органдарында тексеруді тіркеу үшін жеткіліксіз мәлімет екен.

"Сауда кәсіпорны жеке немесе заңды тұлға дәлелдемелерді ұсына отырып өтініш берген жағдайда ғана тексеріледі", - деді тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау қалалық басқармасы басшысының міндетін атқарушы Асима Жарылғасова.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Ақтау #Балық