Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын беру туралы жарлыққа қол қойды деп хабарлайды Skifnews.kz.
Бұл туралы Ақорда ресми жария етті.
"1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес 2019 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясы берілсін
2. Осы өкім бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын", - делінген мәтінде.
Тұңғыш Президенттің мемлекеттік стипендиясын иеленген адамдар тізімінде: Әбдіжәміл Нұрпейісов, Олжас Сүлейменов, Бибігүл Төлегенова, Фархат Шарипов, Юрий Померанцев, Самал Еслямова және басқалар бар.
Сонымен бірге, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы 2019 жылғы мемлекеттік сыйлығын беру туралы Жарлыққа қол қойды.