$ 494.87  520.65  4.91

Атырауда жеке үйден 3 адамның мүрдесі табылды

Полиция департаментінің хабарлауынша, сотқа дейінгі тергеу де жүргізіліп жатыр.

Атырауда үш адамның өліміне қатысты іс тергеліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Атырау облысы ТЖД баспасөз қызметі таратқан мәліметке сай, қала маңындағы жаңа аудан – «Жұлдыздағы» жеке үйлердің бірінен үш адамның денесі табылған. Ажал құшқан үшеудің екеуі — ер адам, біреуі — әйел. Олар газдан улануы мүмкін деген күдікпен сараптама жүргізіліп жатыр. 

Полиция департаментінің хабарлауынша, сотқа дейінгі тергеу де жүргізіліп жатыр. Адамдардың неден өлгені анықталғаннан кейін ғана қылмыстық іс қозғау-қозғамау туралы шешім қабылданады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Атырау