11.12.2019, 02:10

Елбасының мәдениет саласындағы стипендиясы кімдерге бұйырды?

Фото: Ақорда
Бұл туралы Ақорда ресми жария етті.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын беру туралы жарлыққа қол қойды деп хабарлайды Skifnews.kz.

Бұл туралы Ақорда ресми жария етті.

"1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес 2019 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясы берілсін

2. Осы өкім бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын", - делінген мәтінде.

Тұңғыш Президенттің мемлекеттік стипендиясын иеленген адамдар тізімінде: Әбдіжәміл Нұрпейісов, Олжас Сүлейменов, Бибігүл Төлегенова, Фархат Шарипов, Юрий Померанцев, Самал Еслямова және басқалар бар.

Сонымен бірге, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы 2019 жылғы мемлекеттік сыйлығын беру туралы Жарлыққа қол қойды.