Атырауда үш адамның өліміне қатысты іс тергеліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Атырау облысы ТЖД баспасөз қызметі таратқан мәліметке сай, қала маңындағы жаңа аудан – «Жұлдыздағы» жеке үйлердің бірінен үш адамның денесі табылған. Ажал құшқан үшеудің екеуі — ер адам, біреуі — әйел. Олар газдан улануы мүмкін деген күдікпен сараптама жүргізіліп жатыр.
Полиция департаментінің хабарлауынша, сотқа дейінгі тергеу де жүргізіліп жатыр. Адамдардың неден өлгені анықталғаннан кейін ғана қылмыстық іс қозғау-қозғамау туралы шешім қабылданады.