21.07.2014, 03:15

Бүгін Батыс Қазақстанда жел күшейіп, қатты дауыл күтілуде

Сурет: susanin.udm.ru

Батыс Қазақстан облысында 21 шілде күні солтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы күндіз кей жерлерде секундына 15-20 метрге жетпек, деп хабарлайды Казгидромет.

БҚО төтенше жағдайлар департаментінен хабарлағанындай, Оралда желдің екпіні секундына 18 метрге жетуі ықтимал. Осыған байланысты аталмыш департамент ескерту жариялады.