$ 494.87  520.65  4.91

Тұңғыш Президент күніне орай Алматыда каратэден Халықаралық турнир өтті

Осындай бірнеше спорт түрінен турнирлер  алғаш рет конкурс аясында өткізіліп отырғандығын атап өткіміз келеді.

Алматыда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, жергілікті әкімдіктің қолдауымен Каратэден Халықаралық турнир және I Азия чемпионаты өтті, деп хабарлайды Sn.kz. 

1 желтоқсан ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай, Алматы қаласы, Алмалы ауданында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, қазақ спорт және туризм академиясында жан-жақты  каратэ федерациясымен бірлесе ерлер мен әйелдер арасында бірінші Азия чемпионаты  мен жасөспірімдер мен бүлдіршіндер арасында жан-жақты каратэден халықаралық турнир өтті. 

Аталған турнир Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай ұйымдастырылған. 
Жарысқа 11 елден 400-тан астам спортшы қатысты. Атап айтқанда,  Ресей, Украина, Жапония, Корея, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Моңғолия, Түркіменстан, Әзірбайжан және Қазақстан. 
Жан-жақты каратэ (AISKF) халықаралық федерациясының президенті Р. Г. Габбасов КазАСТ президенті, профессор Қ. Қ. Закирьяновқа форумның тамаша ұйымдастырылғаны үшін алғысын білдірді. 

Қазақстан атынан Ұлттық спорт түрлері кафедрасының студенттері каратэден лайықты көрсеткішке ие болды. 70-кг дейін Майданбай Райымбек 1-ші орын, Асылбек Ақылбек 2-ші орынды иеленсе, 55-кг салмақ дәрежесіне дейін Рысбекова Айдана 3-ші орынды жеңіп алды.

Осындай бірнеше спорт түрінен турнирлер  алғаш рет конкурс аясында өткізіліп отырғандығын атап өткіміз келеді.

Айта кетейік, 1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні. Бұл күннің шығу төркініне шолу жасар болсақ, 2011 жылдың 10 желтоқсаны күні ҚР Парламенті Сенаты депутаттарының бастамасымен «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» ҚР Заңына толықтыру енгізу туралы» ҚР Заңы қабылданған болатын. Заң 1 желтоқсанда аталып өтілетін - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күнін белгілеген еді. 

ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттің бірлігін, конституциясын, адам мен адамзаттың құқықтарын және бостандықтарын қорғауды қамтамасыз еткен жаңа тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы екендігі ешкімде де дау тудырмасы анық жайт. Осыған орай аталған Заңның қабылдануы арқылы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Республикаға сіңірген ғаламат зор еңбегі танылған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#каратэ