$ 494.87  520.65  4.91

«Ана тілі аруы – Жігіт сұлтаны» анықталды

Байқау таныстыру, сұрақ-жауап, дефиле, өнер тәрізді төрт кезеңнен тұрды. Таныстыру кезеңінде жастардың білімді, жан-жақты екеніне көз жетті.

Алматыда Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында республикалық «Ана тілі» ұлт газетінің қолдауымен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Студенттер сенаты» дәстүрлі түрде өткізіп келе жатқан «Ана тілі аруы – Жігіт сұлтаны» байқауына биыл 200-ден аса студент қатысып, іріктеуден 16 факультеттің ішінен 9 факультеттің жеті аруы мен жеті сұлтаны оза шауып, ақтық мәреге жетті, деп хабарлайды Sn.kz.

Байқау таныстыру, сұрақ-жауап, дефиле, өнер тәрізді төрт кезеңнен тұрды. Таныстыру кезеңінде жастардың білімді, жан-жақты екеніне көз жетті.

Механика-математика факультетінің 3-курс студенті Бекзат Сұлтан «Ер-жігітпін баба сертін жалғайтын, Қанша жерден ұмыт болды десек те» деп, ер-жігітке тән мінезін байқатты. «Қыз қылығымен – көрікті» дейміз, химия және химиялық технологиялар факультетінің 2-курс студенті Айдана Жарылғап иіліп сәлем салып, нәзік қылығымен көпшілікті бірден баурап алды. Ертеден келе жатқан сәлем салу дәстүрі – әдептіліктің белгісі, қазақ келіндерінің үлкенге деген құрметі. Байқаудың негізіне жатқызылатын дәстүрдің бірі – көпшілікке иіліп сәлем салудың өзі көп дүниені аңғартса керек. Сонымен қатар бірінші сайыста Рахат Жұмат, Бақдәулет Төлеген көзге түссе, білім сайысында Әнел Сатенова, Бекзат Сұлтан, Мәдина Тасқали сұраққа жан-жақты, толыққанды жауап беріп жоғары ұпай иеленді.

Жастардың білімін саралап, өнерін бағалаған Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі актер А.Боранбаев, «Ана тілі» газетінің қызметкері Б.Балаубаева, СТВ телеарнасының тележүргізушісі М.Нұрымбет, «Dana Habi» сән үйінің директоры Д.Нәби, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Тәрбие департаментінің директоры Ж.Есімова, «Goltsman» модельдік агенттігінің директоры К.Гольцман, театр және кино

актері С.Ерубаев, кәсіпқой боксшы А.Шәрібаев және т.б. бастаған қазылардың ұпай саны есептеліп, жоғары балл алған жеңімпаздар анықталды.

Нәтижесінде «Ана тілі» аруы – 2019» байқауының бас жүлдесін филология және әлем тілдері факультетінің 3-курс студенті Орынгүл Алмат иеленді. «Жігіт сұлтаны – 2019» байқауының бас жүлдесін физика-техникалық факультеттің 2-курс студенті Шәмшет Барақов қанжығасына байлады. Бас жүлде иегерлеріне Дубайға жолдама берілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#байқау