$ 444.14  477.05  4.85

«Рухани жаңғыру»: «Қазақфильм» киностудиясы жаңа туынды түсірмек

Кастинг әр дүйсенбі күні «Қазақфильм» киностудиясындағы «ПЛК» ғимаратында (2 қабат, 236 каб.) «Қадам» студиясында өтеді. Кастинг желтоқсанның 25-не дейін жалғасады.

Алматыдағы Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы «Ақын» атты толықметражды көркем фильмді түсіруді қолға алды, деп хабарлайды Sn.kz.

Аталмыш жоба «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізіліп отыр.

Бұл киножоба ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының қолдауымен жүзеге асады. 

Фильмнің режиссері – Дәрежан Өмірбаев. Герман Тесстің «Шығармашылық кеш» атты әңгімесінің желісі бойынша түсірілетін туынды Алматыда тұратын 40 жастағы қазақ ақынының өмірінен сыр шертеді. 

Бұл киножобаға картинаның кастинг департаменті келесі талаптар бойынша кастинг жариялады:  
– 35-55 жас аралығындағы ер адамдар; 
– 25-35 жас аралығындағы әйел адамдар; 
– 70-75 жас аралығындағы ер адамдар; 
– 65-70 жас аралығындағы әйелдер; 
– 9-14 жас аралығындағы ұл балалар мен қыздар. 

Кастинг әр дүйсенбі күні «Қазақфильм» киностудиясындағы «ПЛК» ғимаратында (2 қабат, 236 каб.) «Қадам» студиясында өтеді. Кастинг желтоқсанның 25-не дейін жалғасады.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ режиссер Айгүл Черендинованың «Менің Жансүгіровым» («Мой Жансугуров») атты деректі фильмнің көрсетілімін өтізген болатын. Аталмыш іс-шара да «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Алматыдағы ҚР Ұлттық кітапханасында өткен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#кастинг