Алматыда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 16 желтоқсанда кәсіби бокстан халықаралық «Тәуелсіздік күні» кеші өтеді. Дүбірлі дода аясында алыс және жақын шетелдерден 12 бокс жұбы рингке шығады, – деп хабарлайды Sn.kz.
Спорт кеші Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында 16: 00-де басталады.
Спорттық іс-шараның жетекшісі болып кәсіпқой боксшы Виктор Коточигов тағайындалды.
Ол WBC International чемпионатында жеңіл салмақтағы әлем чемпионы атағын қорғайды. Ол үшін бұл кездесу мансабындағы 11 кездесу болып отыр. Оның қарсыласы - тәжірибелі аргентиналық Хавьер Хосе Клаверо. Хосе 32 жекпе – жекке шыққан, 27 рет жеңіп, 5 рет жеңілген.
Сондай - ақ, жерлесіміз, Азия чемпионы және жасөспірімдер арасындағы вице - әлем чемпионы Сұлтан Зәурбек WBC нұсқасы бойынша жастар арасындағы әлем чемпионы атағы үшін титулдық жекпе - жек өткізеді. Оның қарсыласы қытайлық Лешан Ли.
Жалпы, отандық кәсіпқой бокстың намысын Искандер Харсан (WBC жастар арасындағы құрлықаралық жеңіл салмақтағы чемпион) - камерундық Томаса Эссомбаға, Нұртас Әжбенов - Филиппиндық Леонға қарсы, Абай Төлеш - чехиялық Томас Безводқа қарсы, одан бөлек Рай Сейтжанов, Елшат Нығметолла, Мирасали Сәрсенов, Нұрдос Төлебай сияқты өсіп келе жатқан жас боксшылар қорғайтын болады.