$ 441.44  473.09  4.75

«Рухани жаңғыру»: Алматыда ардагер ұстаздар марапатталды

Мерейтой құрметіне арналған мерекелік концертке Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев арнайы келіп қатысқан.

Бүгін Алматыдағы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының мәжіліс залында ғылыми кеңес мүшелерінің кезекті жиналысы өтті, деп хабарлайды Sn.kz. 

Аталмыш жиын қалалық әкімдіктің қолдауымен, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар. Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған. 

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, ғылыми кеңес мүшелерінің кезекті жиналысын ашып, сөз алған консерватория ректоры Арман Жүдебаев Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің, қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың құттықтауын жеткізді. 

Ректор Арман Жүдебаев консерваторияның ардагер ұстаздары мен қызметкерлеріне мәдениет және өнер саласына, консерваториямыздың жан-жақта дамуына қосқан үлестері үшін алғыс хаттар табыстады.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Құрманғазы атындағы Ұлттық консерваторияның құрылғанына 75 жыл толуына орай мерекелік шара өткен еді. 

Мерейтой құрметіне арналған мерекелік концертке Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев арнайы келіп қатысқан. 

«Құрманғазы атындағы Ұлттық консерватория - Қазақстандағы алғашқы музыкалық жоғарғы оқу орны. 1944 жылы 24 шілдеде Қазақ ССР Халық комиссарларының кеңесі сол жылдың 1 қазанынан бастап Алматы қаласында Мемлекеттік өнер институтын ашу туралы қаулы қабылдады. Ал 1945 жылы оқу орнына ХІХ ғасырдың атақты күйшісі Құрманғазы Сағырбайұлының есімі берілді. Содан бері 75 жылдың жүзі өтті», - дейді Ұлттық консерватория ректоры Арман Жүдебаев.

Қазақ музыка өнерінің қара шаңырағы талай таланттарды даярлап шығарды. Қазақтың әйгілі күйші композиторы Нұрғиса Тілендиев, Шәмші Қалдаяқов, Кеңес Одағы және Қазақстанның халық әртісі Ермек Серкебаев, Қазақтың бұлбұл әншісі Бибігүл Төлегенова бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары