$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда күрдтердің мәдениеті мен дәстүрлеріне арналған мерекелік фестиваль өтті

Іс-шараға ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Жансейіт Түймебаев, Алматы қ. Мәслихатының депутаттары, ҚХА мүшелері, ҚХА құрылымдары мен этномәдени бірлестіктердің, Қазақстанның күрдтер қауымдастығы филиалдарының өкілдері, мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдері мен ҚХА жастар қанаты қатысады деп күтілуде.

Бүгін Алматыда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Бір ел – бір тағдыр» атты мерекелік фестиваль өтті, деп хабарлайды Sn.kz. 

Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Қазақстанның күрдтер қауымдастығының ұйымдастыруымен Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстандағы күрдтердің мәдениеті мен дәстүрлеріне арналған «Бір ел – бір тағдыр» атты мерекелік фестиваль өтті.

Іс-шараға ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Жансейіт Түймебаев, Алматы қ. Мәслихатының депутаттары, ҚХА мүшелері, ҚХА құрылымдары мен этномәдени бірлестіктердің, Қазақстанның күрдтер қауымдастығы филиалдарының өкілдері, мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдері мен ҚХА жастар қанаты қатысады деп күтілуде.

Ұйымдастырушылардың ақпаратына сәйкес, фестивальдің мақсаты – «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыра отырып, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту; қазақстандық этнос өкілдерінің мәдениетін насихаттап, азаматтық біртектілік қалыптастыру; Қазақстандық бауырлас халықтар арасында әріптестік байланыс орнатып, достық қарым-қатынастарды арттыру.

Іс-шара аясында «Бір ел – бір тағдыр» тақырыбында дөңгелек үстел, кітаптар көрмесі, ескі заманның нысандарын көрсететін Қазақстан күрдтерінің ұлттық қолданбалы өнерінің көрмесі, шығармашылық ұжымдарының концерті және күрдтердің ұлттық тағамдарын жасаудан шеберлік сыныптары өтеді деп жоспарлануда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ҚХА #күрд