$ 510.08  539.61  5.15

Алматыда «Бақ мекен – Жетісу» атты жылжымалы көрме өтті

Осылайша, ұлы ақынның қаламынан туған сирек туынды оқырманмен араға 86 жыл салып қауышты.

Алматыда «Бақ мекен – Жетісу» атты жылжымалы көрме қойылды, деп хабарлайды Sn.kz. 

Аталмыш іс-шара Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылып отыр. 

Мұражайға қайталанбас тұлғалардың бұрын-соңды еш жерде кездеспеген 100-ден астам жәдігерлері қойылған. 

Алматы облысының Алматы қаласындағы мәдениет күндері аясында қойылған жылжымалы көрме Балпық бидің – 325,  Мұхаметжан Тынышбаевтың – 140, Ілияс Жансүгіровтың 125 жылдық мерейтойларына арнайы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде ұйымдастырылды. 

Мұражайға қайталанбас тұлғалардың бұрын-соңды еш жерде кездеспеген 100-ден астам жәдігерлері қойылған. Көрмені ұйымдастырудағы мақсат – Жетісу жерінен шыққан ұлы тұлғалардың мұрасын қалың жұртшылыққа таныстыру. 

«Мәскеу қаласында «Ілиястың ізімен» деген бізде экспедиция ұйымдастырылған болатын. Соның аясында біз Мәскеу архивінен Қазақстанда жоқ Ілиястың кітаптарын таптық және де Мұхаметжан Тынышбаевтың жұмыс кезінде қолданылған жазбалары, жарық көрмей қалған жазбаларын әкелдік. Соны бүгін Алматы жұртшылығына көрсетіп жатырмыз», - деді Алматы облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Мәрлен Көлбаев. 

Көрмені аралауға арнайы келген меймандар Ілияс Жансүгіровтың мұражайға қойылған «Бақытсыз Жамал» әңгімесі мен «Қуат» поэмасына үлкен қызығушылық танытты. Бұл екі шығарма 2018 жылы Ұлттық кітапхананың сирек кездесетін қорынан табылған. 

Осылайша, ұлы ақынның қаламынан туған сирек туынды оқырманмен араға 86 жыл салып қауышты.

«Тамаша көрменің куәсі болып жатырмыз. Алматы қаласында Алматы облысының мәдени күндері өтіп жатыр екен, осы көрменге келгенімізге өте қуаныштымыз. Көрермен ретінде бұл көрме біраз күн тұрса да болатын еді, басқа да көрмеген халық келіп кеөріп танысса, мәдени іс шара болатын еді», - деді Алматы қаласының тұрғыны Назгүл Аамангелдіқызы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары