11.12.2019, 10:45

Алматыдағы 72 отбасы тұратын үй қисайып тұр

Тұрғындар төтенше жағдайлар қызметіне, өзге де құзырлы органдарға хат жазған.

Алматыда тағы бір құлаудың шақ алдында тұр, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы. Бұл ақпаратты тұрғындар да растады.

«Бұл үйді 2013 жылы мемлекеттік «Жас отбасы» бағдарламасымен «Тұрғынүйқұрылыс жинақ банкі» арқылы алғанбыз. Бірнеше күн бұрын көршілер үйдің қисая бастағанын байқаған. Қисайғаны былай да көрініп тұр. Күннен-күнге жантайып барады», - деп шырылдады «Алғабас-6» ықшамауданында №179 үйдің тұрғыны Әсем Сыдықова.

Қисайған үйде 72 отбасы қоныстанған. Тұрғындар төтенше жағдайлар қызметіне, өзге де құзырлы органдарға хат жазғанмен олардан еш жауап жоқ. 

Бір қызығы, Алматы қаласының төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті тұрғын үйдің қисайып тұрғанын тілшілерден естіпті.

Тегтер: тұрғын үй