Алматыда студенттер арасында «Менің Қазақстаным» республикалық патриоттық ән байқауының іріктеу кезеңі өтті, деп хабарлайды Sn.kz.
Аталмыш іс-шара «Жастар жылы» аясында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру мақсатында, Алматыдағы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті ұйымдастырылған.
«Менің Қазақстаным» республикалық патриоттық ән байқауының алғашқы іріктеу кезеңі бүгін Алматыда өтті. Байқауға еліміздің 20 жоғары оқу орнынан 80 үміткер қатысты. Байқау қатысушыларының өнерін бағалау үшін арнайы қазылар алқасы құрамы бекітілген.
Байқау үміткерлерінің өнерін бағалау үшін құрылған қазылар алқасының құрамында ҚР еңбек сіңірген қайраткері, әнші-сазгер Арман Дүйсенов, «Құрмет» орденінің иегері, ҚР мәдениет қайраткері, продюссер, сазгер Бауыржан Есебаев, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, ҚР еңбек сіңірген әртісі Ержан Қосбармақов, ҚР мәдениет қайраткері, әнші, университет түлегі Гүлмира Ақүрпекова, Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының әншісі, «Музыкалық білім беру және хореография» кафедрасының аға оқытушысы Ляззат Бримгазина бар.
Арнайы құрылған қазылар алқасы байқау үміткерлерінің өнерін екі күн бойына бағалады. Іріктеу кезеңінің нәтижесі бойынша 24 үміткер ақтық кезеңге жолдама алды. Ал байқаудың ақтық кезеңі бүгін Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде өтті.