$ 494.87  520.65  4.91

ШҚО: белгісіз жағдайда 3 жасар қыз көз жұмды

Баласының демалмай қалғанын түнде байқаған анасы дереу жедел жәрдем шақырады.

Бүлдіршін үйде қайтыс болған. Қыз баланың мерт болғанын анасы түнде байқаған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы YK-news.kz сайтына сілтеме жасап.

Полиция департаментінің алдын ала болжамы бойынша, бүлдіршін ойын кезінде басынан қатты соққы алған.

Баласының демалмай қалғанын түнде байқаған анасы дереу жедел жәрдем шақырады. Алайда, реанимациялық шаралар баланы құтқаруға көмектеспеді.

"Келген полиция қызметкерлері қайтыс болған бүлдіршіннің сол жақ самайынан қанды ісікті анықтады. Басқа жарақаттар табылмады", - деп мәлімдеді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Қазір Қылмыстық кодекстің «Бала өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде тиісті міндетті атқармау» бабы бойынша алдын ала тергеу амалдары жүргізілуде.

Полицияның мәлімдеуінше, қызы баратын балабақша қызметкерлері ананың жақсы қасиеттерін тізіп отыр. Олар бұрын-соңды баланың денесінен ешқандай көгерген, не болмаса ұрылған зақымдарды көрмегендерін айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#бала өлімі