$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда латын әліпбиіне көшу жөнінде жиын өтті

Демек, латын әліпбиінің біздің отанымыздың әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына қосылу талабының орындалуы жолында маңызды рөл атқаратыны сөзсіз.

Алматы қаласының, Алатау ауданы әкімдігінің мәжіліс залында латын әліпбиіне көшу жөнінде жиын өтті, деп хабарлайды Sn.kz. 

Аталмыш іс-шара жергілікті әкімдіктің қолдауымен, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған. Басқосуды Тіл оқыту орталығының маманы Шәймерденов Нұрмыха ашып жүргізді. Латын графикасын қолданысқа енгізу жөнінде көптеген мысалдар келтіре отырып түсіндірді. 

2018 жылы №697 Латын графикасына негізделген қазақ әліпбиі бекітілген болатын. Бүгінде әлемнің 70% елдері латын жазуы арқылы білімді игеріп, ғылыми зерттеулермен танысуда. Бұл дегеніміз – білім, ғылым, саясат пен техника, мәдениет пен өнер, спорт т.б. қатысты жазбаша ақпараттың барлығы дерлік латын графикасымен беріледі, қоғамдық өмірдегі жаңалықтардың басым бөлігі осы графиканың негізінде таралады дегенді білдіреді.  

Демек, латын әліпбиінің біздің отанымыздың әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына қосылу талабының орындалуы жолында маңызды рөл атқаратыны сөзсіз.

Латын әліпбиін пайдалану Түркия, Әзірбaйжан, Өзбeкстан, Түркімeнстан сияқты мемлекеттердің тәжірибесінен сәтті өткен. Дүниежүзілік ақпаратта латын әліпбиінің oрны үлкeн. 

Сондықтан латын әліпбиінe көшу мәсeлесі кезек күттірмейтін міндет. Әлемдегі қазақтар өздерінің тұратын мeмлекеттеріне қарай аpаб, латын, кирилица таңбалaрына негізделгeн әліпбиді қолдануда. 

Осы тұрғыдан келгeнде оpтақ әліпбидің болуы халқымыздың бір-бірін түсінісуіне oң ықпал тигізетіні анық деді тіл оқыту орталығының маманы.

Жиынға ауда мектептерінің ұстаздары, аппарат қызметкерлері қатысты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары