$ 443.44  480.51  4.88

Тұманда адасқан балықшылар табылды

Зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсетілді.

Тұманда адасып кеткен екі балықшы Самарқанд су қоймасында табылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Қарағанды облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Тұманға байланысты балықшы қайтар жолды таба алмай, адасып кетті. Оларды  жаяу және жол талғамайтын көліктермен үш топ іздестірді. Іздеу барысында жол таппай дал болған тағы бір балықшы анықталды. 1948 жылғы азамат шаршағаннан әлсізденіп қалған. Өздігінен жүре алмағандықтан құтқарушылар оны жағаға жеткізді», - деп мәлімдеді ведовство өкілі.

Зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсетілді.

«Балықшымен телефон арқылы байланыста болдық. Алайда тұман салдарынан ол өзінің орналасқан жерін айтып түсіндіре алмады. Телефон қуаты да аз еді. Ал түн жарымда тіптен сөніп қалды. Есту қабілетінде ақаулары болғандықтан ер адам құтқарушылардың берген дыбыс белгілерін естімеді», - деді ТЖД.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#балықшылар