$ 439.43  473.31  4.82

Алматылық музей мамандары Қытайда тағылымдамадан өтті

Музей делегациясының құрамында музей директоры, профессор Гүлмира Шалабаева, Қытай өнерінің мамандары Мария Копелиович және Виолетта Вологодская, реставрация бөлімінің жетекшісі Гүлжан Қалдыбаева, баспасөз қызметінің жетекшісі Клара Исабаева болды.

Алматыдағы Ә. Қастеев атындағы өнер музейінің мамандары Қытайдың жетекші мәдени орталықтары – Шанхай мен Нанкинде тағылымдамадан өтті, деп хабарлайды Sn.kz. 

Аталмыш іс-шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған. Музей делегациясының құрамында музей директоры, профессор Гүлмира Шалабаева, Қытай өнерінің мамандары Мария Копелиович және Виолетта Вологодская, реставрация бөлімінің жетекшісі Гүлжан Қалдыбаева, баспасөз қызметінің жетекшісі Клара Исабаева болды. 

Тағылымдама Алматыдағы Қытай Халық Республикасының Бас консулдығымен ұйымдастырылған. Мазмұнды бағдарламада әлемге әйгілі музейлер мен көрікті орындарды аралау, шеберлік сабақтары мен қытай өнерінің жетекші реставраторларынан кеңестер алу, өнертану бойынша құнды әдебиеттермен алмасу, бірегей шығыс сәулет өнері бар тарихи аудандармен, философиясымен және ұлттық асханасымен танысу болды.

Делегация Шанхай заманауи өнер музейінде (Қытайдың өнер сарайы), Шанхай өнер музейі, Шанхай реставрациялық орталығы, Бүкіләлемдік қаржы орталығы, Нанкин музейі, Цзиньлин көркемсурет музейі, Нанкин кескіндеме және каллиграфия институты, Сунь Ятсен кесенесі, Алты әулеттің музейі, Дабаоэньсы ғибадатханасының қираған үйіндісінің саябағында болды, сондай-ақ Хуанпу (Шанхай) және Циньхуай (Нанкин) өзендерінде саяхаттады. 

Аталмыш тағылымдама Ә. Қастеев атындағы өнер музейінің мамандары үшін Қытай мәдениетін терең түсінуде өте пайдалы қадам болды, ол ежелгі және қазіргі Қытай өнерінің бірегей туындыларын көруге, оларды жасау технологиясының кейбір сирек кездесетін ерекшеліктерін білуге, Қытайдағы ең ірі музейлердің жұмысымен танысуға, болашақта бірлескен жобалар мен көрмелер түрінде жемісін берер байланыстар орнатуға мүмкіндік береді.

Ә.Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі іссапарды ұйымдастырушы – Алматыдағы ҚХР Бас консулдығына және өнер және білім беру ісі бойынша консул Ван Цинпин мырзаға үлкен алғыс білдіреді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Қытай