$ 498.34  519.72  4.85

«Кеудешені қайдан алдың?»: американдық боксшы ерекше киімімен көпті тәнті етті

Боксшының бұл әрекетін қазақстандық желі қолданушылары жаппай талқылап кетті.

Сауд Арабиясында өткен көз түйістіру кезінде американдық боксшысы Майкл Хантер жиналған қауымды таңқалдырды. Спортшы қазақтың ою-өрнегі бар ұлттық киім киіп шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап. 

Боксшының бұл әрекетін қазақстандық желі қолданушылары жаппай талқылап кетті. Хантердің Instagram-парақшасына жазылған талай қазақстандық оны жарыса мақтап, жылы лебіздерін білдірді. 

"Бүкіл қазақтың атынан сіздің біздің ұлттық киімімізді кигеніңізге алғыс білдіремін", "Майкл сен бұл кеудешені қайдан алдың? Бұл қазақтың шапаны ғой", "Біздің ұлттық киім сіздің өңіңізді одан сайын ашып түсті ғой", - деп жазыпты қазақстандықтар. 

Боксшы өзінің The Bounty лақап атымен белгілі екен, қазақстандықтар оған "Жомарт" деген есім де беріп қойған көрінеді. 

Айта кетейік, алғаш әлемдік бокс рингіне қазақтың ұлттық киімін Геннадий Головкин киіп шыққан болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Бокс