«STOP Экстремизм!» әлеуметтік байқауына еліміздің барлық қалаларынан 100 ден астам авторлық бейнероликтер келіп түскен, деп хабарлайды Sn.kz.
Желтоқсан айының 4 жұлдызы Алматыдағы Ө.Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрес аясында «STOP Экстремизм!» әлеуметтік бейнероликтер байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
Аталмыш іс-шара Алматы қаласының прокуратурасы және «Social Development Center» қоғамдық қорының ұйықты болуымен, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылды.
Байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен қазақстандықтар қатысты. Ұсынылған 130 жұмыстың әрқайсысы қоғамды Қазақстандағы діни экстремизм мен терроризмнің таралуындағы өзекті проблемаларына назар аударуға шақырады.
Байқаудың жүлде қоры 1 500 000 теңге, ол бес қатысушыға бөлінді. Ең жақсы авторлық жұмыстар келесі номинациялар бойынша сыйлықтармен марапатталды:
1. «Үздік әлеуметтік ролик» - 700 000 тенге;
2. «Үздік идея» - 400 000 тенге;
3. «Үздік режиссерлік жұмыс» - 300 000 тенге.
Екі 50 000 теңгелік ынталандыру сыйлығы
Байқау жеңімпаздары әділқазылар алқасының шешіміне сәйкес таңдалды. Оның құрамына Алматы қаласы прокурорының бірінші орынбасары Адамов Берік, «Social Development Center» қоғамдық қорының атқарушы директоры Қазтурғанов Біржан, конкурстың амбассадоры, мәслихат депутаты Құдайберген Қайрат, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Дінтану және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі, профессор Құрманалиева Айнұр, сондай-ақ, қазақстандық режиссер Төлеуханов Мирас кіреді.
Марапаттау рәсімінде қазақстандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетті. Алдағы уақта конкурстың ең үздік жұмыстары қоғам назарына ұсынылатын болады.