$ 439.43  473.31  4.82

«Рухани жаңғыру»: Алматылық студенттер жас жазушымен кездесті

ҚазҰАУ-дың Тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректоры Дауренбаева Жанар Абжанқызы кездесуді ашып, университеттегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған іс-шаралармен таныстырды.

Алматыдағы Қазақ ұлттық аграрлық университетінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Республикалық ақпараттық үгіт-насихат штабының мүшесі, жазушы Жан Ақжанов оқу орнының оқытушылары, студенттері, жастар ұйымдарының белсенді мүшелерімен кездесу өтті, деп хабарлайды Sn.kz. 

Аталмыш іс-шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған. ҚазҰАУ-дың Тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректоры Дауренбаева Жанар Абжанқызы кездесуді ашып, университеттегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған іс-шаралармен таныстырды. 

Іс-шараға арнайы келген  жазушы Жан Ақжанов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Таумұрат Данияр Таумұратұлы, «Ізгілік елшісі» жобасының жетекшісі Cабитова Айнұр Алимхановна, ҚР МҚІСЖҚ іс-қимыл агенттігі Алматы қаласы бойынша департаментінің басқарма басшысы Игіліков Елнар Тоқтабайұлы жастардың бойындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша үгіт-насихат жүргізіп, мақсатты жоспарларымен, ой-тұжырымдарымен бөлісті.

Шара барысында «Parasat» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру орталығының директоры Б.Қуандықов пен орталықтың бас маманы С. Мауяева қонақтарды орталықтың қызметін, «Sanaly urpaq» клубының жетекшісі М.Абдикешов «Almaty Adaldyq Alany» жобасы аясында ашылған «Сатушысыз дүкеннің» тәрбиелі мақсаттарын, жұмыстарын  қонаққа таныстырды. Кездесуге қатысушылар мен жазушының арасында еркін диалог өрбіді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары