$ 443.44  480.51  4.88

Алматыда Төлепберген Тобағабылдың құрметіне ескерткі тақта орнатылды

«Өкініш», «Өңшең мықты», «Тағдыр», «Тағы да күз», «Түсінсең енді мені», «Жүрегім соғып тұрғанда» атты кітаптары жарық көрген.

Алматыда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қазақ журналистикасының ардегері Төлепберген Тобағабылдың құрметіне ескерткіш тақта орнатылды, деп хабарлайды Sn.kz. 

Аталмыш шара Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың  «Рухани жаңғыр» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған. 

Алматыда радио мен телевизия саласының ардагері, қазақ журналистикасының қалыптасуына ерен еңбегі сіңген қоғам қайраткері Төлепберген Тобағабылдың құрметіне өзі тұрған үйдің қабырғасына ескерткіш тақта орнатылды.

Төлепберген Әбенұлы 1936 жылы 20 мамырда Қызылорда облысының Тереңөзек ауданында дүниеге келген. 2015 жылы 80 жасқа қараған шағында жазушы дүние салған. 

Еңбек жолын 1957 жылы бастаған. Тереңөзек аудандық «Еңбек майданы» газетінде әдеби қызметкер, жауапты хатшы, «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газетінің бөлім мең-герушісі, Қазақ радиосының редакторы, Қазақ КСР Телевизия және радиохабар жөніндегі мемлекеттік комитетінде бас редактор, «Қазақтелефильм» студиясының сценарий жөнін-дегі алқа мүшесі, Қазақ радиосында бас редактор, Халықаралық «Тұран» радиосының бас редакторы, Қазақ КСР Министрлер Кабинеті жанындағы Тіл комитетінде бөлім бастығы болды.

«Баспалдақ» атты тырнақалды дүниесі 1955 жылы Қызылорда облыстық «Ленин жолы» газетінде жарық көрді. «Көктемнің ең ұзақ күні», «Коммунист Мұқан Көккөзов», «Құзар» (Вершина) атты деректі телефильмдер сценарийлерінің авторы.

«Өкініш», «Өңшең мықты», «Тағдыр», «Тағы да күз», «Түсінсең енді мені», «Жүрегім соғып тұрғанда» атты кітаптары жарық көрген.

«КСРО телевизиясы мен радиосының үздігі» белгісімен, «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен, үш мәрте Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталған. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері.

Оның шығармалары оқырмандар мен әдеби ортадан өзіндік бағасын алған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#кітап