$ 494.87  520.65  4.91

«Рухани жаңғыру»: Алматының әсем келбетін әңгімеге арқау еткен қалемгерлер оқырмандармен кездесті

Қаламгерлер оқырмандарға жазып жатқан шығармалары жайлы кеңінен әңгімелеп, «Тарихи-әдеби өлкетануды дамыту» жобасының маңыздылығы туралы түсіндірді.

Бүгін Алматыдағы Қазақстан Жазушылары кітапханасында «Тарихи-әдеби өлкетануды дамыту» жобасына қатысқан қаламгерлер оқырмандармен кездесті. Аталмыш іс-шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылды, деп хабарлайды Sn.kz. 

Шараға Алматы қаласының өткені мен бүгіні һәм келешегі туралы әдеби көркем шығарма жазуға талап қылған, әдеби-танымдық жүздесуге жоба қатысушылары Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, жазушы, журналист, аудармашы Кәдірбек Сегізбаев, ақын, аудармашы Қуанышбай Құрманғалиев және І «Рух» халықаралық онлайн-әдеби конкурсының «Үздік әдеби сын» номинациясының жеңімпазы, ҚР Президенті стипендиясының иегері, жас ақын Бекзат Смадияр қонақ болып келді.

Қаламгерлер оқырмандарға жазып жатқан шығармалары жайлы кеңінен әңгімелеп, «Тарихи-әдеби өлкетануды дамыту» жобасының маңыздылығы туралы түсіндірді. 

Сонымен қатар жазушы Кәдірбек Сегізбаев Алматы шаһарының құрылу тарихы, әр жылдары басқарған басшылардың еңбектері және табиғатты сақтау, экология мәселесін сөз етті. 

Ақын Қуанышбай Құрманғалиев ХХ ғасырдың екінші жартысындағы жастар өмірі мен қала келбеті туралы айтса, ал модератор, жас ақын Бекзат Смадияр аталған айтулы жобаның мән-маңызын ашуға тырысты.
Кеш қонақтары оқырмандардың сауал-пікірлеріне жауап беріп, кітапхана қорына арнайылап жеңе қолтаңбасымен кітаптарын табыстады.

Қазақстан Жазушылар одағының  тағы бір  ауқымды жобаларының бірі – «Əдеби өлкетану».
Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ҚР Президенті Əкімшілігінің қолдауымен жүзеге асқан  жоба негізінде әр өңірден арнайы шығармашылық топтар құрылып,  белгіленген кесте-жоспар бойынша облыс-аудандарға әдеби экспедициялар ұйымдастырып, зерттеу жұмыстарын жүргізіп, көркем шығарма жазуды қолға алды.

Аталған жоба барысында Алматы қаласын, шаһардағы мәдени-тарихи мекендерді аралаған қаламгерлер жазушы Кәдірбек Сегізбаев, аудармашы Қуанышбай Құрманғалиев және жас ақын Бекзат Смадияр бүгін Жазушылар одағының кітапханасында оқырмандармен кездесу өткізді.

Республикамыздың әр аймағындағы әдебиетті, мәдениетті тереңінен танып, өлкеміздің тарихын зерттеп-зерделеп, оны көркем тілмен жеткізу ұлттық әдебиетімізге қосылатын мол үлес, өркендеуіне жол ашу екенін ескерсек, «Әдеби өлкетану»  жобасы –   әдебиетіміздің алтын қазынасына қосылған айтулы еңбек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Өлкетану