$ 444.22  476.38  4.82

Алматы қаласының даму стратегиясын жүзеге асыру мақсатында «Auezov Invest Forum-2019» өтті

Форумда балабақшалардың, мектептер, медициналық орталықтар, студенттік жатақханалар мен көпқабатты тұрғын үй құрылыстарын салу үшін бос жер телімдері, аяқталмаған құрылыс нысандары, көпқабатты тұрғын үй кешендерінің бірінші қабаттары көрсетілді.

Алматы қаласы, Әуезов ауданында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, аудандық әкімдік және «Nur Otan» партиясының ұйытқы болуымен «Auezov Invest Forum-2019» шарасы өтті, деп хабарлайды Sn.kz. 

2019 жылдың 6 желтоқсаны күні, Әуезов ауданының әкімі, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының төрағасы Сайран Сайфеденовтің қатысуымен, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты халыққа арнаған Жолдауын және 2050 жылға дейін Алматы қаласының даму стратегиясын жүзеге асыру мақсатында, «AltynKargaly» отель-шипажийының мәжіліс-залында, аудан аумағында әлеуметтік нысандар мен тұрғын үй құрылыстарының мәселесі бойынша, «Auezov Invest Forum-2019» өтті. 

Аталмыш іс-шараға «СПК Алматы» АҚ-ның, ҚР «Атамекен» ҰКП-ның, Алматы қ. Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының, Білім басқармасының, Қала құрылыс жоспарлау мен урбанистика басқармасының, Алматы қ. Жер қатынастар басқармасының және бизнес-құрылымдардың өкілдері қатысты. 

Форумда балабақшалардың, мектептер, медициналық орталықтар, студенттік жатақханалар мен көпқабатты тұрғын үй құрылыстарын салу үшін бос жер телімдері, аяқталмаған құрылыс нысандары, көпқабатты тұрғын үй кешендерінің бірінші қабаттары көрсетілді. 

«Әуезов-Инвест» инвестициялық форум ауданның инвестициялық мүмкіндіктерінің тұсауын кесіп қана қоймай, адами масштабты қолдана отырып, жаяу жүргіншілердің басымдығымен, ғимараттардың белсенді қасбетін ескере отырып, көше кеңістігін қайта өндеумен қоса, аудан құрылысының нығыздау потенциалын көрсету. 

Форум барысында, өзара ынтымақтастық туралы, бес меморандумға қол қойылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#форум