Алматыда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңа форматы» тақырыбында Форум өтті, деп хабарлайды Sn.kz.
Аталмыш іс-шара Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ұйымдастыруымен өтті.
Аталмыш шараға Алматы қаласы әкімі Бақытжан Сағынтаев пен Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев арнайы келіп қатысты. Шара барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңа форматтары талқы болды.
Алатау ауданы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Дархан Сисенов 2019 жылдың 8 қарашасында Алматы қаласында өткен «Adaldyq Alany: сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қоғам мен мемлекеттің өзара іс-қимылының жаңа форматы» республикалық форумына қатысты.
Аталған форумда сарапшылар мен практиктер, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тәсілдері мен тетіктерін талқылады.
Форумға Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінң төрағасы Алик Шпекбаев, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев, мемлекеттік органдардың, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, құқық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласының мамандары қатысты.
Форумның мақсаты азаматтық қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылының біріккен тәсілдері мен түрлерін анықтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылының біріккен тәсілдері мен түрлерін анықтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының тиімділігін арттыру, жемқорлық тәуекелдері мен себеп-салдарын азайту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және парасаттылық пен адалдықтың адамгершілік қасиеттерінің мәдениетін сіңіру.
Қатысушылардың пікірінше, форум сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға тың серпін беретін диалог алаңына айналды.