Сырдарияда тағы бір қайғылы жағдай болды. Бұл жайында облыстық төтенше жағдай департаментінің құтқару жасағына суыт хабар 11 қаңтар күні кешкісін түскен.
Қоңырау шалғандардың хабарлауынша, 28 жастағы жігіт дарияның үстіндегі көпірдің жанында байқаусызда аяғы тайып кетіп, өзенге құлаған. Қайғылы жағдай Түркістан қаласынан 40 шақырым жерде болды.Павел Вишенин, облыстық төтенше жағдай департаментінің құтқару жасағының ресми өкілі: «Таңғы сағат 04:55-те біздің жасақтың мамандары көрсетілген мекенжайға аттанды. Сол жерде құтқарушыларды жергілікті тұрғындар 12 қаңтар күні сағат 09:35-те күтіп алды. Сүңгуірлер дереу құтқаруға кірісіп кетті…»
Айта кету керек, сүңгуірлер мен құтқарушылардың тағы бір тобы 7 қаңтар күні жоғалға балықшыны іздеуде. Ол моторлы қайықтың бензин багы жарылған соң жоғалып кеткен еді. Құтқарушылар қазіргі таңға дейін өзен ағысының бойымен төмен қарай 30 шақырым жерді іздегендерін айтады.