$ 447.4  477.55  4.76

Алматыда Фаузия Оразбаеваның 70 жылдығына арналған халықаралық конференция өтті

Абай атындағы ҚазҰПУ-да профессор Оразбаева Фаузия Шәмсиқызының мерейтойы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылды.

Алматыда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Ф.Ш. Оразбаеваның 70 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті, деп хабарлайды Sn.kz. 

Алматыдағы Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесi, Ш.Уәлиханов атындағы І дәрежелі сыйлықтың лауреаты, Педагогика ғылымдары Халықаралық академиясының академигі, ҚР Президентіне үміткерлерден мемлекеттік тілден емтихан алушы, Лингвистикалық комиссиясының хатшысы Оразбаева Фаузия Шәмсиқызының 70 жылдық мерейтойына арналған «Коммуникативті лингвистика және сөзтаным» халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Абай атындағы ҚазҰПУ-да профессор Оразбаева Фаузия Шәмсиқызының мерейтойы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылды.

Жалпы білім беретін мектептердің «Қазақ тілі» пәні (қазақ мектептері, өзге тілді мектептері) мұғалімдерінің арасында «Сөйлесім әрекетін меңгерту заманауи парадигмалар мен инновациялық технологиялар тоғысында» тақырыбында панорамалық сабақтан республикалық байқау өткізілді. Байқауға бірнеше облыстан 20 шақты өтініш келіп түсті.Олардың ішінен байқау талаптарына сай үздік 10 панорамалық сабақтың бейнетаспасы таңдалып алынды. Байқаудың нәтижесін арнайы құрылған әділ қазылар алқасы анықтады. І, ІІ, ІІІ орын жеңімпаздарына дипломдар мен ақшалай сыйлық берілді.

ҚазҰПУ-да профессор Фаузия Шәмсиқызының 70 жылдық мерейтойы аясында «Оразбаева апталығы» өтті. Апталықта «Ф.Оразбаева мектебінің» шәкірттері «Профессор Фаузия Оразбаева тағылымы: тұлға қалыптастырудағы 4К моделі» тақырыбында жүйелі шеберлік сыныптар ұйымдастырылды.

Шеберлік сыныптары «Интерпретациялық талдау - 4К моделін жүзеге асырудың көрсеткіші», «Тілтаным мен сыни ойлауды сабақтастыру жолдары», «Профессор Ф.Ш. Оразбаева еңбектеріндегі 4К моделін қолданудың жолдары», «Эссе жазудың тиімді жолдары», «Тіл үйретуде сөйлесім әрекетінің түрлеріне қатысты тапсырмаларды дайындау жолдары», «Шағын ғылыми жанр түрлері бойынша білім алушылардың жазылым дағдыларын қалыптастыру әдістемесі», «Әдеби шығармаларды оқытудың креативті тәсілдері» тақырыптарында өтті.

Іс-шараларға Алматы қаласы жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылары, мектеп мұғалімдері, ізденушілер, докторанттар, магистранттар және студенттер қатысты. 28 қараша күні апталықтың жабылу салтанатында 72 сағаттық шеберлік сыныбына қатысқаны үшін тыңдаушыларға Абай атындағы ҚазҰПУ-дың сертификаты табысталды.

Ғалым Ф.Ш.Оразбаеваның 70 жылдық мерейтойына жиналған ғылыми мақалар 2 томдық жинақ болып басылды. Конференцияға қатысушылардың мақалалары тегін жарияланды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#мерейтой