$ 448.15  483.46  4.86

Алматыда кесте тігу өнерінің алғашқы көрмесі өтті

«Инемен жазылған кескіндеме» – Гүлмира Садықованың бірінші көрмесінің атауы ғана емес, оның шығармашылығының концепциялық мәні.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Алматыдағы Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Гүлмира Садықованың «Инемен жазылған кескіндеме» авторлық кесте тігу өнерінің алғашқы жеке көрмесінің салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Инемен жазылған кескіндеме» – Гүлмира Садықованың бірінші көрмесінің атауы ғана емес, оның шығармашылығының концепциялық мәні. Егер де кескіндемешілер өздерінің туындыларына композиция құрарда сурет жоспарлап, кенепке қылқаламын жақындатып, түстік акценттерін қоятын болса, ісмер-кестешінің қолындағы ине – қылқаламның, ал мата – кенептің рөлін атқарады. Ол суретті инемен ғажап етіп салады. Суретші үшін әрбір жіп аралығы кескіндеменің жағындысына тең.

Гүлмира Садықова айқас кестеге шебердің шығармашылық әлеуетін анағұрлым аша түсетін баспа кесте техникасын тәуір санайды. Бұл техника шебердің темпераментімен және өмірлік ырғағымен сәйкесе үйлеседі. Инені шебер игерген Гүлмира Тұрсынқызы қылқаламмен жазатын асқан шебер тәрізді жұмыс істейді. Кейде жіптері кенеп бетінде еркін жатқан бояу жағындылары сияқты дестелене қалады. Ал кейде шоқталып жиналып, кілем техникасына ыңғайланып, пастоздық кескіндемеге де ұқсап кетеді. Басқаша жағдайда, түрлі-түсті жіптердің өрнегі өте нәзік лессировканы еске түсіреді. Түйме, пайетка, теңге, моншақ, майда моншақ, тоқыма, табиғи элементтер сияқты декоративтік элементтерді пайдаланып, авторлық кесте көлемді кескіндеменің белгілеріне ие болады.

Гүлмира Садықованың шығармашылығынан кейдейсоқтық немесе қалай болғанда да басы артық нәрсе кездеспейді. Автор енгізген кез келген символ, таңба, зат, ишара, аллегория – саналы әрі нанымды түрде қосылады.

«Әр нәрсе өзінше маңызды» деген идиомадағыдай, Гүлмира Тұрсынқызының «Инемен жазылған кескіндемесінде» де шебердің өмірлік философиясының мәні жатыр.

Оксана Танская, көрме кураторы

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#көрме #кесте