$ 494.87  520.65  4.91

Қалыңдық үйлену тойына кешіккен күйеу жігітіне ерегісіп, өзге адамға ұзатылып кетті

Күйеу жігіттің туыстары үнемі велосипед пен ақша қосылған қалың малды сұрап қоймайды.
Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Тойдың болуына алты апта қалғанда, жас жұбайлар Нангалят қыстағында бейресми үйлену тойын атап өтеді. Бірақ ресми рәсім өтпегендіктен қыз күйеу жігіттің үйіне көшпейді.

Жас жұбайлардың отбасы бір-бірін аса ұната қоймайды. Күйеу жігіттің туыстары үнемі велосипед пен ақша қосылған қалың малды сұрап қоймайды. Ал қалыңдықтың отбасы қалың мал беруге ниетті болмаған, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы News 18 сайтына сілтеме жасап.

Ашуға булыққан қалыңдықтың туыстары болашақ құдаларына күш көрсетіп, үйлену тойы өтетін орынға қамап қояды. Кейіннен екі отбасы да полицияға жүгініп, бітімге келеді.

Ең соңғы нүкте күйеу жігіттің үйлену тойына кешігіп келген кезінде қойылады. Ашуланған қалыңдық тұрмысқа шығудан бас тартып, той куәгері боп келген қыстақ көсемінің ұлына ұзатылып кетеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Жас жұбайлар