Ақтөбе облысында жыл басынан бері 2176 кәсіпорындағы 75 мыңнан аса жұмысшының еңбекақысы жоғарылаған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Aktobenews.kz.
Ақтөбе облысының әкімі ірі кәсіпорын директорлары және басқарма басшыларымен кездесу өткізді. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, алдағы мерекелерде 33 мың адам орта есеппен 80 мың теңгеден сыйақы алтын болады. Жалпы сыйақы қоры - 5 млрд. теңге. Аймақ басшысы жауапты тұлғаларға жұмысшылардың еңбекақысын қысқартпауды қатаң тапсырды.
Президенттің тапсырмасын орындау керек, Ақтөбе облысы айтарлықтай өнеркәсіптік әлеуеті бар серпінді дамып келе жатқан өңір. Дегенмен орташа жалақы республикалық деңгейден төмен. Маңғыстау, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында айлық мөлшері біздің аймақпен салыстырғанда жоғары. Нәтижесінде бюджетке салық түспей, ал бизнес дамымай отыр. Айналып келгенде бұл жағдайдың барлығы әлеуметтік жағдайға әсер етеді. Сіз еңбек өнімділігін арттырасыз, жаңа технологияларды енгізіп пайда табасыз, - деді облыс әкімі Оңдасын Оразалин.
Айта кетейік, биыл өңірде 8787 ұжымдық шартт ар жасалған. Олардың 14 мемлекеттік мекемелермен, 37 ірі кәсіпорындармен, 148 орта және ірі кәсіпорындар болса, 7120-шағын кәсіпкерлік.