$ 449.58  486.94  4.86

Шымкентте суық қаруланған қарақшылар тал түсте адам ұрлап ұсталды

Қаладағы жанармай бекеттерінің бірінде қаруланған бір топ қарақшы кісі ұрламақ болған. Күдікті адамдардың жабылып жүріп, бір адамды көліктеріне күштеп отырғызып, беймәлім жаққа бет алғанын көрген куәгерлер дереу тәртіп сақшыларына хабар берген деп жазады  Tvk-uko.

Шұғыл іздеу шараларын жүргізген полицейлер күдікті көлікті іздеп тауып, адам ұрламақ болған бұзақыларды ішкі істер бөліміне жеткізді. Олардың көліктерін тінту барысында қару-жарақтың түр-түрі табылған. Атап айтқанда, тапанша, шолақ мылтық, шетелдік винчестер тәркіленген. Қарулар сараптамаға жіберілді. Жәбірленуші босатылған.  Ұсталған күдіктілердің өзге қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда. Олардың қандайда бір радикалды діни ағымдарға қатысы бар-жоғы да тексеріліп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары