ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.
Ұлттық банк төрағасымен кездесуде Қазақстан Президентіне жүргізіліп жатқан ақша-кредит саясатының 2019 жылдың 11 айындағы қорытындылары, инфляция динамикасы, Ұлттық банктің алтын-валюта қоры мен Ұлттық қор активтерінің ахуалы туралы баяндалды.
Сондай-ақ Ерболат Досаев Қасым-Жомарт Тоқаевқа инфляцияға байланысты болжамдарды, 2020 жылға арналған ішкі жалпы өнімнің өсуі және төлем балансының ағымдағы шоты бойынша жорамалдарды ұсынды.
Кездесу қорытындысы бойынша Президент бірқатар тапсырма берді.