12.12.2019, 10:00

Ми-28 тікұшағы апатқа ұшырады

Ресей Қорғаныс министрлігінің өкілдері ұшақтың құлағанын растап отыр.

Ресейдің Краснодар аумағында Ми-28 тікұшағы апатқа ұшырады. Салдарынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, РИА Новостиге сілтеме жасап.

Ресей Қорғаныс министрлігінің өкілдері ұшақтың құлағанын растап отыр.

Айтуларынша, төтенше жағдай Нұр-Сұлтан уақыты бойынша, шамамен сағат 02.00-де оқу-жаттығу кезінде болды.

Тегтер: тікұшақ Ресей