$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда «Рухани жаңғыру» аясында «Алтын Орда – қазақ мемлекеттілігінің бесігі» көрмесі өтуде

Ұйымдастырушылардың айтуынша, осы көрмеге оталық музейдің қорындағы XIII-XIV ғғ. тән 300 жуық артефакті қойылған.

Алматыдағы ҚР Орталық музейінде «Алтын Орда – қазақ мемлекеттілігінің бесігі» көрмесі ашылды, деп хабарлайды «Sn.kz» сайты.

Бұл мәдени шара Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 1269 жылы Талас құрылтайында дербестігі толық мойындалған Алтын Орда империясының 750 жылдық мерейтойын мерекелеу туралы мәлімдемесіне орай ұйымдастырылып отыр.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, осы көрмеге оталық музейдің қорындағы XIII-XIV ғғ. тән 300 жуық артефакті қойылған. Бірегей коллекция музейге келушілерді Алтын Орда кезеңінің мәдениетімен, тұрмыс-тіршілігімен таныстырады.

Көрменің ерекшелігі Алматы облысы, Шеңгелді ауылы маңындағы қабірден табылған артефактілер – XIII-XIVғғ. Шағатай әулеті шенділерінің бірі – сарбаздың жібектен тігілген сәнді киімінің фрагменттері алғаш рет келушілерге көрсетіледі.

«Ұлы Жібек жолы. Сауда. Импорт бұйымдары. Монеталар» бөлімінде Қазақстанның алтынордалық қалаларынан табылған импорт бұйымдары, сонымен қатар Сарайшық қалашығынан табылған Жошы ұлысының және XIII-XIV ғғ. өзге мемлекеттердің 25 монета сарайының өнімі – күміс, мыс монеталар көз тартады.

«Діндер: тәңірлік, ислам, несториандық, зороастризм, буддизм» бөлімінде несториандық құлпытастар және тағы басқа деректермен танысуға болады.

«XIII-XIVғғ. Мінәжатттық діни ғимараттар сәулеті» экспозициялық бөлімінде Сарайшық қалашығындағы ғимараттардың фрагменттері, Жошы хан, Алаша хан, Болған ана мазары, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі сынды сәулет өнері ескерткіштерінің макеттері қойылды.

Көрме жыл соңына дейін жалғасады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#көрме