$ 448.81  476.82  4.77

«Рухани жаңғыру»: Алматыда ЖОО студенттері сот процесін «жүргізуге» қатысты

Аталмыш іс-шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, Алматы қалалық Сотының қолдауымен ұйымдастырылған.

Алматыда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ЖОО студенттері аудандық Сотта болып, іс жүргізу процесімен танысты, деп хабарлайды «Sn.kz» сайты.

Алматы қаласы Бостандық аудандық сотында нақты сот процесін келтіретін, ерекше талқылау-іскерлік ойын өтті.

Аталмыш іс-шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, Алматы қалалық Сотының қолдауымен ұйымдастырылған.

Іс-шараның қатысушылары - Каспий университетінің «Әдiлет» Жоғары құқық мектебінің профессоры С.А.Акимбекова мен аталмыш ЖОО-ның 3-курс студенттері болды.

Аталған іс-шара сот пен университеттің ынтымақтастық туралы меморандумды жүзеге асыру ауқымында, «Рухани жаңғыру» бағдарламася аясында өткізіледі.

Осы іс-шараның мақсаты студенттердің өз мамандығын таңдауына дайындық жасау, оларды сотқа деген сыйлаушылық рухында тәрбиелеу, сот жұмысымен таныстыру болып табылады.

Ойын оның қатысушыларына деген нақты заңи тәжірибе болып табылды, өйткені студенттер өз позицияларын тұндыру желісін құрып, сот құжаттамаларын дайындап, көрермендердің алдында шешендік өнерлерін көрсетті.

Ойын сот процессі Алматы қаласы Бостандық аудандық сотының сот отырысы залында, Д.А. Жапакова, Т.В. Черныш, Р.Т. Муханбаева, Г.Э. Мезгильбаева қызметтегі судьялардың және оқытушылардың қатысуымен өткізілді.

Іскерлік ойын қатысушылары заңи мамандықтарының түрлілігімен тәжірибеде танысу мүмкіндігіне ие болды. Студенттер өздерін судья, прокурор, адвокат және басқа да процесстің қатысушылары ретінде сезініп, адам құқықтарының тұндыруы мен қорғалуын, адамдардың тағдыры үшін судьялардың жауаптылығын ұғынып түсінді.

Алматы қаласы Бостандық аудандық сотының судьясы Д.А. Жапакова студенттерді олардың өміріндегі алғашқы процессімен құтықтап, оларға өз іскерлік бағыттарын берді. Ойын сот процесстері студенттердің құқықтық мәдениет деңгейін көтере отырып, әсіресе тәрбиелік мәніне ие болады, сонымен қатар олардың сотқа деген сыйлаушылығына, дауларды шешудің құқықтық құралдарын үйренуіне тәрбиелейтінін белгіледі. Ол, Каспий университетіндегі аталған ойын процесстері үнемі өткізіліп тұратыны, оның ішінде ең маңыздылары Алматы қаласы Бостандық аудандық сотының ғимаратында өткізілетінін атап өтті.

Алматы қаласы Бостандық аудандық сотының судьясы Т.В. Черныш ойын процессі жайында өз ой-пікірімен бөлісіп, студенттердің атқарған жұмысына алғысын білдірді. Ол, аталған іс-шараның ынтымақтастық туралы меморандум ауқымында жыл сайын өткізілетінін атап, сонымен қатар студенттерге мықты заңгер болуына тілек білдірді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#шара