Алматыда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Алматы қалалық сотының қолдауымен ұйымдастырылған детективті шығармалар байқауының қорытындысы жарияланды, деп хабарлайды «Sn.kz» сайты.
Аталмыш шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған.
Алматы қалалық сотының 50 жылдығы мен «Заң» Медиа-корпорациясы» ЖШС-на қарасты «Заң газеті» мен «Юридическая газета» басылымдарының 25 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған детективтік шығармалар байқауының қорытындысы бүгін Алматы қалалық Сотының ғимаратында өтті.
Биыл екінші рет ұйымдастырылып отырған байқауға 60-қа жуық шығарма келіп түсіп, оның ішінде 10-ға жуық автор үздік деп танылған.
Атап айқтанда детектив жанрының майталманы, жазушы Кемел Тоқаев атындағы жүлдеге алматылық Аяла Зейінқызы «Тек пен шек» атты шығармасы лайықты деп табылса, Жарас Кемелжан «Қанды сүттің дәмі» атты тың туындысымен бірінші орынды иеленді.
Ал екінші орынды Сансызбай Молдажанов «Сырға» деген шытырман шығармасы үшін алды. Айда Қожамамбетованың «Жұмбақ өлім» деп аталатын туындысы мен Қалмұрат Дәулетбаевтың «Ғажайып бестік» атты шытырманға толы шығармасы үшінші орынға табан тіреді. Сонымен қатар, елу мың теңге ынталандыру сыйлықтары Райхан Ратова («Пиғылы бұзық «періште») мен Қуаныш Нұрданбек («Жөргем») иеленді.
Алматы қалалық сотының қолдауымен байқаудың жүлде қоры 3 млн теңгені құрады.