$ 449.58  486.94  4.86

Алматыда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Нүсіпбеков оқулары» өтті

Аталмыш іс-шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылып отыр.

Алматыда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Нүсіпбеков оқулары» өтті, деп хабарлайды «Sn.kz» сайты. 

Алматыдағы Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында көрнекті ғалым, академик, тарих ғылымының докторы, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ақай Нүсіпбековке арналған «VII Нүсіпбеков оқулары» аясында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Аталмыш іс-шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылып отыр. 

Конференция жұмысы басталмас бұрын, А.Нүсіпбеков атындағы кабинет салтанатты түрде ашылды.

«Академик Ақай Нүсіпбеков және Ұлы дала тарихының зерттелуі» атты республикалық конференцияға Қазақстанның ғылымға еңбек сіңірген қайраткері А.Нүсіпбековтің ұрпақтары, қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері қатысты. 

Шараны Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, тарих ғылымының докторы Зиябек Қабылдинов жүргізді.

ҚР ҰҒА академигі, тарих ғылымының докторы У.Шалекенов, Алматы қаласы мәслихатының депутаты М.Әділханов, Медеу аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы К.Серікбаев, Медеу аудандық Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы С.Аралбаев, ҚР Мәдениет қайраткері, Райымбек ауданының Құрметті азаматы Ж.Абдраманов, Кеген ауданынан арнайы келген делегация атынан ақсақалдар кеңесінің төрағасы С.Досымбеков құттықтау сөз сөйлесе, ақын М.Ережеп ғалымға арнаған арнау өлеңін оқып, Е.Құдайбергенов әннен шашу шашты. Ғалымның бес томдығын шығару жайы сөз болды.

Негізгі баяндаманы «Академик Ақай Нүсіпбеков және тарих тағылымы» атты тақырыппен ҰҒА академигі, тарих ғылымының докторы Б.Ешмұхамбетұлы жасады. 

Қазақ ұлттық Аграрлық университетінің «Рухани жаңғыру» гуманитарлық зерттеулер орталығының жетекшісі, ҚР ҰҒА академигі Х.Әбжанов бастаған тарихшылар ғалымның еңбектеріне, адамгершілік қырларына тоқталып, қоғам және мемлекет қайраткерінің жүріп өткен өмір жолынан сыр шертті.

Шара барысында Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының жас ғалымдарына арналған Ақай Нүсіпбеков атындағы стипендия салтанатты түрде тапсырылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары