Алматыда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Алматы аудандық Соты қаладағы Жоғарғы оқу орындарымен әріптестік байлыныс орнату жөнінде келіссөз жүргізді, деп хабарлайды «Sn.kz» сайты.
Дәлірек айтқанда, Алматы қаласындағы Алмалы аудандық Сотына Еуразия колледжінің өкілі келіп, тараптар екіжақты ынтымақтастың туралы әңгімелесті.
Еуразия технологиялық колледжі құқық кафедрасының аға оқытушысы Серік Оңғарбаев Алматы қаласы Алмалы аудандық соты төрағасының м.а. Ернар Қасымбековтың қабылдауында болды.
Кездесу барысында төрағаның м.а. соттың құрылымы мен мамандануы туралы айтып, болашақ заңгерлер үшін колледждің және сот басшылығының өзара әрекеттесуі маңыздылығын атап өтті.
Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады.
«Теориялық оқыту болашақ заңгердің қалыптасуындағы оқытудың ажырамас бөлігі болып табылады, алайда оқушыларға лекция оқып, сот отырысына қатысу шараларын ұйымдастыру қажет. Бұл іс-шаралар студенттердің алдағы уақытта мамандық таңдауына әсер етеді, өйткені сот жүйесі заң мамандығының жоғарғы буыны болып саналады», – деп төрағаның міндетін атқарушы атап өтті.
Өз кезегінде Оңғарбаев соттың ықыласына алғыс білдіріп, сотпен іс-әрекетке жоғары қызығушылық танытты.
Кездесу қорытындысы бойынша сот ғимаратында студенттер мен оқытушылардың қатысуымен және колледжде судьялар мен сот қызметкерлерінің қатысуымен іс-шаралар өткізу кестесі бекітілді.