$ 514.65  544.6  5.17

Матраимовтар әулеті журналистерді сотқа берді

Ол журналистердің зерттеуінде айтылған деректерді жоққа шығарады.

Матраимовтар әулеті Азаттық радиосының Қырғыз қызметін, осы медианың журналисі Али Токтакуновты, Kloop.kg және 24.kg сайтын «іскерлік беделіме нұқсан келтірді» деп сотқа берді. Шағымданушының арызынан соң Бішкектегі Свердлов аудандық соты жауапкерлердің банктегі есепшоттарын бұғаттады. Матраимовтар басылымдардан 60 миллион сом (858 мың доллар) талап етеді.

Сотқа шағымданғандар:

  •         Искендир Матраимов – Жогорку Кенеш депутаты
  •         Райымбек Матримов - Искендир Матраимов ағасы, Кеден қызметі бастығының бұрынғы орынбасары
  •         Миновар Жумаева - Искендир Матраимовтың әйелі
  •         Уулкан Тургунова – Райымбек Матраимовтың әйелі
  •         «Исмаил Матраимов» атындағы қайырымдылық қоры

Арызданушылар Азаттықтың Қырғыз қызметінен 22,5 млн сом; журналист Али Токтакуновтан 10 млн сом; 24.kg ақпарат агенттігінен 15 млн сом, Kloop.kg сайтынан 12,5 млн сом талап етіп отыр. Сот шешімімен осы сомалар бұғат қойылды. Азаттықтың Қырғыз қызметіне қызмет көрсететін банк 22,5 млн сот бұғатталғанын растаған.

Сот анықтамасында Матраимовтар әулетінің не үшін шағым түсіргені жазылмаған. Бірақ осыдан біраз уақыт бұрын Райымбек Матраимов өзі жайлы зерттеу жариялаған журналистерді сотқа беретінін айтқан.

Азаттықтың Қырғыз қызметі жемқорлық пен ұйымдасқан қылмысты зерттеу орталығы (OCCRP) және Kloop.kg сайтымен бірге Қырғызстаннан заңсыз жолмен кемі 700 млн доллар қалай шығарылғаны туралы зерттеу материалының екінші бөлімін жариялады. Зерттеуде Райымбек Матраимовтың есімі аталады. Ол журналистердің зерттеуінде айтылған деректерді жоққа шығарады. Қырғызстан мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті Райымбек Матраимовты екі рет тергеуге шақырған.

Дереккөз: Азаттық

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары