$ 446.49  475.38  4.79

Америкалық танымал әнші Селин Дион жесір қалды

АҚШ-та танымал әнші Селин Дионның күйеуі және менеджері Рене Анжелил 73 жасына қараған шақта қайтыс болды. Бұл жайында әншінің өзі Фэйсбуктегі парақшасында мәлімдеген. Рене Лас-Вегастағы өз үйінде көз жұмды, ол ракпен ұзақ уақыт күрескен болатын.

Айта кету керек, Селин Дион мен Рене Анжелил 1980 жылы танысқан. Ол кезде әншінің жасы небәрі 12-де, ал болашақ күйеуі 38-де болған. 1987 жылы араларында тұтанған махаббат 1994 жылы некелесумен аяқталды. Сол уақыттан бері ерлі-зайыптылар бірге өмір сүрген.

2000 жылы дәрігерлер Анжелилде қатерлі ісік бар екенін анықтады. Мұны естіген Дион өзінің өнердегі жолын уақытша тоқтатып, отбасымен бірге болуды шешкен еді. Ал, араға бірнеше жыл салғаннан кейін аурудың беті қайтып, әнші сахнаға қайта оралды. 

Дион мен Анжелилдің үш баласы бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары