$ 494.87  520.65  4.91

Өскеменде қарақшылар кәсіпорындарды 1 жыл бойы тонап келген

Ағайынды екі жігіттен құралған қылмыстық топ өткен жылдан бері 18 кәсіпорынды тонап, 40 миллион теңгеге залал келтірген деп жазады YK-news.kz.

Қарақшылар көзге түспес үшін Өскемен қаласын әдейі таңдапты. Олардың үлкені Омбыдан, кішісі Риддер қаласының тұрғыны екені де анықталған. Бір жыл бойы кәсіпорын басшыларын үрейде ұстаған олар енді алдағы 6,5 жылын түрмеде өткізетін болады. ШҚО мамандандырылған қылмыстық істер жөніндегі арнайы соттың үкімі осындай.

Сотқа дейінгі тергеу материалдарында көрсетілгендей, қарақшылар кәсіби түрде әрекет еткен. Олар әрбір нысанға кірер кезде әскери киім киіп, рациямен байланысып отырған, арттарынан мүлдем із қалдырмауды да үйренген екен. Тонардан алдын мекеме ғимараттарына келіп, өз жолдарының сызбасын да жасап алатын көрінеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары