$ 443.35  475.54  4.82

Каспий теңізі жағасынан үлкен игуана табылды

Бұл туралы қаладағы эколог Кирил Осин пікірін білдірді.

Әлеуметтік желіде таралған видео авторы теңіз жағасынан денесі табылған үлкен кесірткені түсіріп, оның қандай бауырымен жорғалаушы және суға қалай тап болғанын сұрады, деп хабарлайды Қазақпарат. 

Бұл туралы қаладағы эколог Кирил Осин пікірін білдірді. Оның айтуынша, видеодағы жәндік - игуана тұқымдасына жататын кесіртке. 

«Бұл - бауырымен жорғалаушылар класы, қабыршақтылар отряды, игуана тұқымдасына жататын ең үлкен кесірткелердің бірі. Игуана - ұзақ эволюциялық өзгерістерден өткен ежелгі тұқымдастар. Олардың динозаврға ұқсайтыны да сондықтан. Теңіз жағалауында жатқанына қарағанда Ақтау тұрғыны пәтерінде асыраған болуы керек. Өліп қалған соң мұнда әкеліп, лақтырып кеткен. Негізі игуаналар ағашта өмір сүреді. Бүгінгі таңда кейбіреулер экзотикалық жануарларды үйінде өсіреді. Бұл дұрыс емес. Мұны қадағалайтын заң қабылданбағандықтан, адамдар ойына келгенін жасайды», - дейді Кирилл Осин.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Ақтау