15.12.2019, 00:23

Денис Теннің достары елордада бас қосты

Фото: KYN.KZ
Жалпы алғанда АҚШ, Ресей, Канаданың белгілі мәнерлеп сырғанаушылары көпшілікті әсерлі қойылымдарымен тәнті етті.

Аққан жұлдыздай жарқ етіп, ерте сөнген Денис Теннің достары бас қалаға жиылды. Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, әйгілі мәнерлеп сырғанаушы көзі тірісінде жиі ұйымдастыратын «Денистің достары» атты мұз шоуы қайта шымылдық түрді, деп жазады 24.kz.

Мұз шоуын ұйымдастыру идеясы Дениске тиесілі. Талантты спортшы кәсіби мансабын жалғастыра жүріп, жанкүйерлері алдында арнайы өнер көрсетуді игі дәстүрге айналдырған болатын. Әріптес достарын да шақырып, елімізде мәнерлеп сырғанау спортының дамуына үлес қосты. 

Бұл жолы шоу қонақтары ретінде екі дүркін Олимпиада чемпионы болған Татьяна Волосожар мен Максим Траньков, әлем чемпионатының үш дүркін жүлдегерлері Кейтлин Уивер мен Эндрю Поже сынды танымал спортшылар қатысты. Жалпы алғанда АҚШ, Ресей, Канаданың белгілі мәнерлеп сырғанаушылары көпшілікті әсерлі қойылымдарымен тәнті етті.

 

Тегтер: Денис Тен