$ 498.34  519.72  4.85

«Тұман, көктайғақ»: 15 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Алматы, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.
Фото: Sputniknews.kz
Фото: Sputniknews.kz

15 желтоқсан күні еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы төмендеп, жауын-шашынның түсуі тоқтайды. Құбылмалы күн райы шығыста және оңтүстік-шығыста сақталып, қар жауатыны болжанады. Оңтүстік-шығыста түнде қар молынан түседі. Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын сақталады, жел күшейеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Алматы, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Түнде Алматы облысында, күндіз Қызылорда облысында жел 15-20 м/с күшейеді. 

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болжанады. 

Түркістан облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын болып, желдің күші 15-20 м/с артады. 

Манғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Түнде Манғыстау облысында, күндіз Батыс Қазақстан облысында желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді. 

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерін тұман басып, жаяу бұрқасын жүреді. 

Павлодар, Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. 

Атырау облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары