$ 494.87  520.65  4.91

13 жастағы бала адам өлтірді деген күдікке ілінді

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, күдікті Барнард колледжінің бірінші курс студентіне бірнеше рет пышақ сұғып өлтірген.

АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында адам өлтіру фактісі бойынша 13 жастағы бала қамауға алынды, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, күдікті Барнард колледжінің бірінші курс студентіне бірнеше рет пышақ сұғып өлтірген. Қанды оқиға жергілікті саябақта кешкі уақытта болған. Пышақпен қаруланған 3 қаскөй студентке шабуыл жасап, тонамақ болған. Ауыр жарақат алған марқұм ауруханада көз жұмды. 

Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қолға түскен күдікті өзіне тағылған айыпты мойындады. Екінші күдікті тергеліп жатыр. Ал, үшіншісі іздеуде жүр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#НьюЙорк #АҚШ