ҚР Президенті «Мен қазақпын» әнін хормен орындайтын челленджді қолдады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы Президент Twitter-парақшасында мәлімдеді.
«Өте жақсы бастама! Қолдаймын! Бұл ән халықтың рухын көтеріп, патриотизмді арттыру үшін кең ауқымда дәріптелсе орынды болар еді. Осындай дүниелер елді бірлікке шақырады», - деп жазды Тоқаев.
Еске сала кетейік, Павлодар қаласының орта мектептері еліміздің Тәуелсіздік мерекесіне орай ерекше челлендж бастаған болатын.