15.12.2019, 15:11

Тоқаев «Мен қазақпын» челленджіне қатысты пікір білдірді (ВИДЕО)

«Өте жақсы бастама! Қолдаймын! Бұл ән халықтың рухын көтеріп, патриотизмді арттыру үшін кең ауқымда дәріптелсе орынды болар еді. Осындай дүниелер елді бірлікке шақырады», - деп жазды Тоқаев.

ҚР Президенті «Мен қазақпын» әнін хормен орындайтын челленджді қолдады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы Президент Twitter-парақшасында мәлімдеді. 

«Өте жақсы бастама! Қолдаймын! Бұл ән халықтың рухын көтеріп, патриотизмді арттыру үшін кең ауқымда дәріптелсе орынды болар еді. Осындай дүниелер елді бірлікке шақырады», - деп жазды Тоқаев.

Еске сала кетейік, Павлодар қаласының орта мектептері еліміздің Тәуелсіздік мерекесіне орай ерекше челлендж бастаған болатын.