$ 494.87  520.65  4.91

Павлодар облысындa жол апаты боп, 5 адам зардап шекті

ГАЗель жүргізушісі өзіне және жол қозғалысына қатысушы басқа адамдарға қауіпсіз екеніне көз жеткізбестен солға бұрылады.
Фото: Pixabay.com
Фото: Pixabay.com

Павлодар облысындағы автожолда жол-көлік оқиғасы болып, бес адам зардап шекті. Оның екеуі бала деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Қазавтожол" ҰҚ" АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға Ленинский - Үлкен Ажар тас жолында, бүгін, күннің екінші жартысында болған.

ГАЗель жүргізушісі өзіне және жол қозғалысына қатысушы басқа адамдарға қауіпсіз екеніне көз жеткізбестен солға бұрылады.

Дәл осы сәтте жүк көлігінің артынан келе жатқан иномарка жүргізушісі басып озбақ болған.

Салдарынан екі көлік соқтығысып қалды. Алған соққыдан иномаркалы көліктің капоты жанған. Сол кезде жолда болған патрульдік-бақылау учаскесі қызметкерлерінің арқасында зардап шеккендерге дер кезінде көмек беріліп, қайғылы жағдайдың алды алынған.

Әртүрлі жарақат алған жапа шегушілер ауруханаға жеткізілген. Кейінірек балалардың бірі үйіне жіберілген.

Еске сала кетсек, елордаға және еліміздің тағы үш облысындадабылды ескерту жарияланды. Өңірлерде тұман түсіп, дауыл болады деп күтілуде. Республика бойынша ауа рауы күрт бұзылады.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Павлодар